Jaidarman
Jaidarman – Қазақстан мен көршілес елдердің көңілді де тапқыр жастарының басын қосатын танымал телевизиялық жоба. Әзіл сүйер жастардан құралған командалар ұтымды әзіл мен актерлік шеберлік, ән-би, мимика, ой ұшқырлығымен көрермен көңілін жаулап алды. Жобаның басты ерекшелігі – өмірдегі, жалпы қоғамдағы құбылыстарды ұтымды әзілмен, қағытпа қалжыңмен жеткізе білетін жастардың шығармашылық ордасына айналғаны.
Кеше Баласағұн ОКЗ Оңтүстік өңірлік NOMAD лигасының финалдық ойындары өтті. Жалпы бұл лигада 25 команда өнерін көрсетіп, бақ сынады. Финалдық ойынға Шымкент, Түркістан, Тараз қалаларынан келген 7 команда қатысып, Jaidarman жоғарғы лигасына жоладаманы сарапқа салды.
Өте тартысты өткен бұл сайыста Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты атынан қатысқан "OIY" құрамасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Қала күніне орай өткізілген сайыста біздің құрама Тараз қаласы әкімінің кубогын да жеңіп алды.
Бүгін институт президенті Нуржан Муслимов қыздар құрамасын арнайы құттықтады
Jaidarman - жастардың қылжақтасып не қоғамды әжуалап, ойларына келгенін істейтін даңғаза мен далбаса емес. Белгілі бір форматқа, жанрларға бағынатын тапқырлық пен өнерпаздықтың сахнасы. Оңай олжаға да, жұрттың езуін емін-еркін жыйдыратын есер қылыққа да орын аз - көрермен ондайға көңілжықпастық жасамайды. Қысқасы, бұл - ешбір мемлекеттік жоспарсыз, қызметсіз, диктатсыз, еркін өнер мен жастық жігерлі қабілеттің қайнар көзін ашар мүмкіндік пен тәрбиенің көзі -деген Нұржан Жомартұлы чемпиондарға сәттілік тіледі.