COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол

Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол

"Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол" деп өсиет
еткен қазақ қашанда қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Бүгінде әр шаңырақта ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, ұлағатты ұғымдарды сіңіріп, немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көрудің өзі бір ғанибет.

Жастары егде тартқан шақта қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіріп, жетілдірген ұл-қыздарының қас-қабағына қарап отырса еңбектерінің ақталғаны емес пе!?

Халықаралық қарттар күніне орай, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Педогогика" факультеті, "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасы және кафедраға қарасты топ студенттерімен (ҚТ-20-1,ҚТ-21-1,ҚТ-22-1,ҚТ-23-1 тобы) бірге қазыналы қарияларымызды мерекелерімен құттықтады.

Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Халқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген. "Ата қайратты болса, бала ғибратты болады" деген ғибратты сөз бекер айтылмаса керек. Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер.