Ұстазды ұлық тұтқан ел ұтады
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты вице-президенті Махметғали Сарыбеков барша ұжым атындағы ардагер-педагог Зәбилә Алпысқызын “Ұстаздар күні” мерекесімен құттықтады.
Зәбилә Алпысқызы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, ұстаздық қызметпен қатар қоғамдық жұмысқа белсене араласты: Қазақ КСР Жоғары кеңесінің, облыстық және аудандық кеңестердің депутаты болды. Бүгін Зәбилә Алпысқызы 101 жасқа қадам басты. Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Ілиас Қасабекұлымен 2 қыз, 5 ұлды тәрбиелеп өсірді. Олардан 16 немере, 35 шөбере, 2 шөпшек сүйіп отыр.
Ұстаз мақтанса - шәкіртімен мақтансын. Жазушылар Оралхан Бөкей, Дидахмет Әшімханұлы, әнші-сазгер Рамазан Елібаев және т.б. елімізге танымал тұлғалар - Зәбилә Алпысқызының оқушылары. Бұдан бөлек, ұстазына қарап еліктеп 2 мыңнан аса шәкірттері ұстаздық мамандығын таңдады.
Институт жастары - болашақ ұстаздарға Зәбилә Алпысқызының жасы мен жолын берсін!