COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Шерханды тану – қазақты тану

Шерханды тану – қазақты тану

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу және Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдарлары» атты Жолдауына үн қосу мақсатында дәстүрлі «Шерхан Мұртаза оқуларын» өткізуді жалғастырып келеді.

Көзі тірі болғанда кесек тұлға Шерхан Мұртаза 91 жасқа толар еді. Торқалы тоқсан жылдық мерейтойы республикалық деңгейде тойланған Шерхан Мұртаза шығармашылығы – бүгінгі жастар үшін үлкен тәлім-тәрбие бұлағы екені даусыз.

Зау тұлға есімін иеленген институт құрылтайшыларының демеушілігімен өткізілетін бұл байқаудың ерекшелігі сол – Оқу-ағарту министрлігінің қызығушылық білдіруінде. Арнайы бұйрықпен бекітіліп, өткізілетін республикалық шығармашылық байқаулар тізіміне енгізу жүзеге асырылуда.

Өз кезегінде 8 рет ұйымдастырылып жатқан байқауға жыл өткен сайын оқушылар мен мұғалімдердің қызығушылықтары артуда. Жалпы қалалық кезеңге қала мектептерінің 10-11 сыныптарынан барлығы 90 жуық оқушы қатысып, бақтарын сынады.