COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ҚБТУ-да «МегаПро мектебі» Халықаралық семинары өтті

ҚБТУ-да «МегаПро мектебі» Халықаралық семинары өтті

2023 жылы 3 қарашакүні ҚБТУ ғылыми кітапханасында Қазақстанның университеттерінің кітапханаларында ақпараттық технологияларды дамытудың өзекті мәселелеріне арналған «МегаПро мектебі» халықаралық семинары өткізілді.

Семинар «Дата Экспресс» компаниясымен – танымал «МегаПро» ААКЖ кітапхана жүйесінің әзірлеушісімен бірлесіп өткізілді.

Семинардың модераторы ҚБТУ ғылыми кітапханасының директоры Анна Федоровна Абатоваболды.

Академиялық мәселелер жөніндегі Проректор Джумасейтова Асель Кенесовна семинар қатысушыларына арнап құттықтау сөз сөйледі.

Семинар спикерлері: Ефремов Сергей Васильевич - «Дата Экспресс» ЖШҚ ITдиректоры, Левова Людмила Васильевна - «Дата Экспресс» ЖШҚ атқарушы директоры, Чемидова Алена Валерьевна - «Дата Экспресс» ЖШҚ енгізу және техникалық қолдау қызметінің маманы, Ахметова Роза Сабировна - ҚБТУ құжаттарды цифрландыру секторының меңгерушісі.

Семинарда «Дата Экспресс» компаниясының жетекші мамандары сөз сөйлеп, кітапханалар қызметін цифрландыру және цифрлық трансформациялау міндеттерін шешу үшін ААКЖ дамуының маңызды тенденцияларын ұсынды, «МегаПро» негізгі функционалдық мүмкіндіктері мен клиентке бағдарланған сервистері туралы айтылды, Қазақстан кітапханаларында осы жүйені пайдаланушылардың сұрақтарына жауап берді.

Шерхан Мұртаза атындағы ХалықаралықТараз инновациялық институтының ақпараттық-кітапханалық орталығына «МегаПро» жүйесі 2021 жылы енгізілді. Сапарғалиева Сымбат Нурғалиқызы ЖОО-да «МегаПро» жүйесін енгізу және пайдалану тәжірибесімен бөлісіп, кітапхананың тиімді жұмысы үшін ААКЖ таңдау мен пайдаланудың маңызды тұжырымдамалық және практикалық мәселелерін атап өтті.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Алматы, Астана, Қызылорда университеттік және академиялық кітапханаларының 50-ден астам өкілі қатысты. Семинардың онлайн-платформасына республиканың әртүрлі аймақтарынан 40-қа жуық адам қосылды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.