COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Бітіруші студенттерге «Адал азамат» студенттік фестивалі өтті

Бітіруші студенттерге «Адал азамат» студенттік фестивалі өтті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты Академиялық саясат басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан-Адал Азамат» Ұлттық Құрылтайының II отырысында жастарға жолдаған жолдауы аясында бітіруші студенттерге арналған студенттік «Адал азамат» фестивалі өтті.

Фестиваль мақсаты: жастарымызға дұрыс жол сілтеу және Адал азамат етіп қалыптастыру! Ең бастысы, адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі - туған жеріне, еліне деген қастерлі қарым-қатынасы бағалануы керек. Осы асыл қасиеттерді бойына сіңірген адамды бір ғана терең сөз - саналы азамат - «Адал азамат» деп сипаттауға болады.

Іс-шараға Елімізге еңбектері сіңген құрметті азамат: Жамбыл облыстық билер кеңесінің төрағасы Есіркепов Оңласын Қарабаевич, институт президенті Нуржан Муслимов, вице-президент Махметғали Сарыбеков, ректор Марат Баяндин, ректор кеңесшісі Аскар Абдуалы т.б. қонақтарымыз қатысты.

Фестиваль спикерлері «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің 4 курс студенті Әбумансұр Тұрар Ерланұлы мен психолог-коуч Сакулова Гульназ Бейсенбековна қатысып тренингтер өткізді.

Факультет студенттері адал азамат тұлғасын өз қойылымдар арқылы жастарға қандай азамат болу керек екендігі туралы көрсетіп жеткізе білді. Фестиваль қорытындысы бойынша қатысқан қонақтарымыз бен студенттерге номинациялар беріліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.