КӘСІБИ БАҒДАР 2024
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы мектеп бітіруші түлектер мен оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында ауданының мәдениет үйінде кездесу өтті.
Шараға Байзақ ауданының мектеп бітіруші түлектері мен ұстаздары қатысты. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты вице-президенті Махметғали Сарыбеков оқу ордамыз туралы толық ақпарат беріп, материалдық-техникалық базамен, профессор-оқытушылар құрамымен, білім беру бағдарламаларымен толық таныстырды.
Сонымен қатар "Педагогика" факультетінің деканы Ботабаева Әдемі Еркебайқызы факультет даярлайын мамандықтар туралы мәліметтер берді.
Шара барысында институтымыздың өнерлі жастары концерттік бағдарлама ұсынды.