Пәннің оқу-әдістемелік кешенін жаңарту және электрондық форматқа көшу
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты профессор-оқытушылар құрамына арналған оқу-әдістемелік семинары өтті.
2023 жылғы 30 Қарашада Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының конференц-залында профессор-оқытушылар құрамына арналған "Пәннің оқу-әдістемелік кешенін жаңарту және электрондық форматқа көшу" тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.
Академиялық саясат басқармасы презентациясында электрондық материалдар қолданудың маңыздылығын нақтылады және ПОӘК жаңартылған құрылымы ұсынылды.