COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ЕКІНШІ КҮН

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ЕКІНШІ КҮН

Модуль 2. Қашықтықтан және онлайн оқыту технологиялары

05.01.2024 ж. күні «Жаратылыстану» факультетіне қарасты «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, магистр, Ғ.Б.Ерманова «Қашықтықтан және онлайн оқыту технологиялары» яғни Модуль 2 бойынша «Жаппай ашық онлайн оқыту курстарын жасау әдістемесі» (бұдан әрі ЖАОК) тақырыбы аясында шеберлік сабағын өткізді.

Ғ.Б.Ерманова алдымен ЖАОК әзірлемес бұрын оның құрылымы мен форматтарының түрлі модульдерін түсіндірді:
-мәтіндік құжаттар;
- мультимедиялық құжаттар;
-бейнелер, фотосуреттер, Power Point құжаттары;
- флэш-анимациялар, Google Docs, Prezi және т.б.

Ғ.Б.Ерманова ЖАОК форматтары туралы теория түрінде толық мағлұмат беріп өткен соң, оқытушыларға тәжірбие ретінде көрсетіп берді:
- бейне дәріс жазу;
- бейне фрагменттер пайдалану;
- суреттер пайдалану;
- кесте, инфографика, диаграмма пайдалану;
- бейне-монтаж жасау;
- дыбысты жазу, дыбысты дұрыс қою т.б.

Сонымен қатар, ЖАОК-қа контент дайындауға арналған үздік бағдарламалық құралдар тізімімен iSpring Suite, Camtasia, Hippo Video, Panopto, Snagit, Screenflow, Clipchamp және сабақтарға көрнекіліктер жасау, қимыл-қозғалыс анимациялары, суреттерді сөйлете алатын нейро желілермен MIDJOURNE, SKETCH, METADEMOLAB, TOME, D-ID таныстырды.

Ғ.Б.Ерманова шеберлік сыныбын қорытындылай келе, Гарвард, Массачусетс технологиялық институты (MIT) және Стэнфорд сияқты әлемдік жетекші оқу онлайн курстардың жетекші жеткізушілері болып табылатындығын ал, Microsoft, Accenture корпорациялары жалпыға қолжетімді онлайн курстарды ұсынатындығын тілге тиек етті. Ғ.Б.Ерманова шеберлік сынып барысында топпен үнемі кері байланыс жасап, барлық сұрақтарға ұтымды жауап беріп отырды.

Сонымен, Қысқы мектептің екінші күнің аяқтай келе, аталмыш курсқа аса жауапкершілікпен шеберлік сабақтарын жүргізген «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Ғ.Б.Ермановаға зор алғысымызды білдіреміз! Заманауи нарық сұранысы қашықтықтан және онлайн оқыту болса, ал бұл оқыту түрінің әліппесі ЖАОК болып тұр. Ендігі кезек оқытушылармыздың алдағы күндері курсты толық игеріп, алған білімдерін сәтті түрде қолданысқа енгізуіне сәттілік тілейміз!

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева