COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ҚЫСҚЫ МЕКТЕП Модуль 3. Жоғары мектепте білім беру ресурстары

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП Модуль 3. Жоғары мектепте білім беру ресурстары

08-09.01.2024 ж. күндері «Жаратылыстану» факультетіне қарасты «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, магистр, Г.К.Шомаева «Жоғары мектепте білім беру ресурстары» яғни Модуль 3 бойынша «Студенттердің өзіндік жұмыстарын белсендету үшін электронды білім беру ресурстарын жасау әдістемесі» тақырыбы аясында шеберлік сабақтарын жүргізді.

Г.К.Шомаева Power Point программасында электронды курстар мен тесттерді дайындауға арналған құрал яғни iSpring Suite 8 мүмкіндіктерін кеңейтетін және бейне дәрістер жасауға мүмкіндік беретін қосымша курс екендігін атап өтіп, шрифт, стиль, фигура, сурет, анимация, тиггер, гипермәтін сондай-ақ аудио, бейне сүйемелдеу қосу, дайын аудио/бейне жүктеуге слайдтар мен анимацияға синхронизация жасап баптау мүмкіндіктерін теория жүзінде түсіндіріп, тәжірбие түрінде көрсетіп берді. Сонымен қатар, төмендегі процесстер бойынша кеңінен тоқталып өтті:
- монитор экранынан жазба жүргізу:
- экранды толық немесе бір бөлігін алу;
- бейне дыбысын және курсорды ерекше түспен көрсету;
- жазбаны баптау және бейне жазбаға экспорттау.
- диалогтық тренажер құру:
- диалог сценариін құру;
- жинақтан персонажды таңдап, фонын келтіру;
- дұрыс жауапқа баллдық сцена жасау;
- интерактивтілік режимін қолдану (кітап, уақыт шкаласы, каталог, сұрақ-жауап);
- курсқа медиа-объектілер қосу: персонаж, youTube-тан бейне, web-объектілер, flash-роликтер;
- дайын болған курсты жариялымға жіберу;
- бейне дәріске арналған плеерді қолдану немесе universal плеерді таңдау.

Г.К.Шомаева оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере отыра, жоғарыда аталған процесстер бойынша оқытушылармен жеке-жеке тәжірбиелік жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ, шеберлік сабақтың соңында программалық жасақтама және техникалық талаптармен таныстырды. «Жоғары мектепте білім беру ресурстары» модульі аясында онлайн курстар әзірлеу бағыты бойынша кешенді шеберлік сабағын кәсіби тұрғыда сапалы өткізгені үшін, Гульнур Қамбарханқызына зор алғысымызды білдіреміз!

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К.Жундибаева