ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2024 | МОДУЛЬ 6 Оқытудың жаңа тенденциялары
«Шығармашылық мамандықтар» факультетіне қарасты «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының т.ғ.к. Күсұлу Таукебаева
«Оқытудың жаңа тенденциялары» яғни Модуль 6 бойынша және «Оқытудың тиімді әдістері» тақырыбы аясында шеберлік сабағын жалғастырды.
Күнсұлу Таукебаева миға шабуыл, әдіс,тәсіл ұғымдарына қысқаша анықтама беріп, оқудың 4 негізгі қағидатын түсіндірді. Тиімді оқу мен оқытудың тәсілдеріне кеңінен тоқталып өтті:
-белсенді оқу;
-бірлескен оқу;
-саралау;
-пәнаралық байланыс;
-студенттердің танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
-оқу диалогтері;
-электрондық оқу және жаңа технологияларды пайдалану;
-модельдеу.
Күнсұлу Таукебаева шеберлік сабағын аяқтай келе, жұмысты саралаудың кең тараған жеті тәсілімен таныстырып өтіп, оқытушылармен сұрақ-жауап алмасты, өзара бағалау және рефлексия арқылы қорытындылады.Сонымен, Модуль 6 Оқытудың жаңа тенденциялары оның ішінде «Оқытудың тиімді әдістері» тақырыбы бойынша кешенді түрде кәсіби тұрғыда шеберлік сабақ жүргізген «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының т.ғ.к. Күнсұлу Сатханқызына зор алғысымызды білдіреміз!