Кәсіби бағдар жұмыстары
Тараз қаласындағы № 20 орта мектебі және Ы.Сүлейменов атындағы № 37 орта мектебінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргіздік.
Ы.Сүлейменов атындағы № 37 орта мектебінде 11 «А» сыныбында 11 оқушы оқиды. Оның 5-і ұл және 6-ы қыз. Оларға институт туралы толық мәлімет беріліп, таныстырылды. Шығармашылық мамандық туралы, оның базасы түсіндірілді. Бұл мектептен екі ұл, бір қыз – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына және бір қыз «Бастапқы әскери дайындық» мамандығына түсуге дайын. Мектеп басшыларымен, кәсіби бағдарға жауапты Искандирова Нурсулу Сайдахметқызымен және 11 сынып мұғалімдеріменде сұхбаттастық.
№ 20 орта мектебінде 2 сынып, 11 «А» сыныбы (қазақ тобы) және 11 «Б» сыныбы (орыс тобы). Қазақ тобында 10 оқушы, оның 6-ы ұл және 4-і қыз. Орыс тобында 12 оқушу, 7-і ұл және 5 қыз. Бұл мектеп оқушыларына, кәсіби бағдарға жауапты Журжаева Мейрамкуль Қуанышбайқызы және мектеп басшыларына, 11 сынып мұғалімдеріне, институт туралы толық мәлімет беріліп, таныстырылды.
Кәсіби бағдар жұмыстарымен оқытушылар: Шилибаев Б.А., Алимбаев М.Қ., Шилибаев Н.А. өз жұмыстарын толығымен атқарды.