Мектеп және жоо сабақтастығын нығайту мақсатында облыстық семинар өтті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің ұйымдастырумен «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Орта мектеп және ЖОО білім беру бағдарламаларының сабақтастығын дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты ЖОО-дағы білім беру бағдарламаларын білім беру ұйымдарымен байланыстыру және сабақтастығы мен өзекті мәселелерін талдау, қазіргі жағдайда жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке бағыттауды қарастыру.
Облыстық семинарға Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Марат Асылбекұлы Баяндин, академиялық жұмыстар жөніндегі проректор Кадырова Ақмарал Сатбековна, академиялық саясат басқармасының басшысы Диана Канатовна Акимова, «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің деканы Айгүл Сауқымбековна Курманбекова, Байзақ ауданы, Жетібай ауылы, Жамбыл атындағы орта мектеп директоры Ж.К. Култаев және көркем еңбек пәнінің мұғалімі С.А. Беккулиева, Тараз қаласы №37 орта мектебінің кәсіптік бағдар беру педагогы Н.С.Искандирова, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы, Талас ауданы білім бөлімі Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектебі, А Байтұрсынов атындағы мектеп гимназиясы, Тараз қаласы №35, №44, №55 орта мектептерінің мұғалімдері қатысты.
ХТИИ ұжымы оқу-әдістемелік шеберліктерімен бөлісіп, құнды баяндама жасап, білім беру бағдарламаларына пікірлерін ұсынды. Семинар жұмысының соңында құнды баяндама жасап, ой-пікірімен жарыс сөзге белсене қатысқан қатысушыларға алғыс хат табысталды.