АЛМАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНДА ШЕРХАН ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының өкілдері кәсіби бағдар бойынша 11 сынып оқушыларымен және колледж студенттерімен кездесті.
Кездесулер Жетісу облысы, Сарқан қаласындағы №1-ші және Абай Құнанбайұлы атындағы мектеп-гимназияларында, Н.Островский атындағы мектеп-лицейінде, сондай-ақ, Ақын Сара атындағы, Ы.Алтынсарин атындағы, Алмалы ауылдық жалпы білім беретін орта мектептерінде, Сарқан гумманитарлық колледжі, Сарыөзек ауылындағы №49 жалпы білім беретін орта мектебі, «Күреңбел» қазақ орта мектебі, Д.Қонаев атындағы орта мектебі және Ж.Жапаров атындағы орта мектебі, Алматы облысы Есік қаласындағы «Абылайхан атындағы №4 орта мектебінде» өтті.
Шерхан институтының І курс студенті Зарина Валишанова өзінің ЖОО туралы ойларымен бөлісіп, оқу бағдарламасымен қатар, тәрбиелік, патриоттық мазмұнда өтетін іс-шаралар барысын қызықты жеткізе білді. Оқушыларды өзі білім алып жатқан оқу ордасына түсуге кеңес берді.
Электрондық диспетчерлік секторының жетекшісі Ғалым Қазжанов Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының заман талабына сай білікті мамандар дайындаудағы игі істеріг жан жақты баяндап берді. Оқушылардың қойған сұрақтарына жүйелі түрде жауаптар берілді.
Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласындағы «Абылайхан атындағы №4 орта мектебінде» 11-сынып оқушыларымен кездесу барысында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтын тамамдаған мамандар бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде әр салада жемісті еңбек етіп жатқанын тілге тиек етілді. Оған дәлел ретінде осы мектепте біздің институттың екі бірдей түлегі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының магистрі Алмас Исағұлұлы мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Медет Тасболаттың абыроймен. қызмет жасап жүргенін оқушыларға зор мақтанышпен жеткізілді.