COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Бірлігіміз – татулықтың тірегі

Бірлігіміз – татулықтың тірегі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 15.01.2024, № 14-0/201 хатына сәйкес Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Экономика және бизнес» факультеті мен Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып ұйымдастырған «Бірлігіміз – татулықтың тірегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты тарапынан осы бағытта түрлі іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.
Жамбыл облыстық Кіші Ассамблеясының Достық үйі – ұлтаралық мәселелер бойынша әдістемелік және консультациялық орталық болып табылды. Ресми түрде Жамбыл облыстық Кіші Ассамблеясы құрылғалы оның қызметінің мазмұндылығы мен жүргізіп отырған жұмысының ерекше маңыздылығы жағынан осы ұйымның тиімділігін білдіріп отыр деуге болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің еліміздегі тұрақтылықты, ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті нығайтуға сүбелі үлес қоса отырып, консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органга дейінгі өрлеу жолынан өтті. Ассамблея Қазақстан Республикасы Конституциясының, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларын адамдардың құқықтары мен бостандығын іске асыруды бейнелеуші негізгі Қазақстандық демократия институттарының бірі болып отыр.
Өңірлік Ассамблея халықаралық байланыстар деңгейінде де нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық Кіші Ассамблеясы хатшылығы құрылған кезеңнен бастап, өңірдегі этносаралық қатынастар мәселесін оңтайлы шешіп отырған қоғамдық институт ретінде толық қалыптасты. Мекеме қоғамның барлық салаларында өзінің белсенді қызметі арқылы ерекшеленді. Институционалдық тұрғыда негізделген мекеме облыстағы этносаралық татулық пен конфессияаралық келісімнің беделді орталығына айналып, полиэтносты қоғамымыздың өркендеуіне өзіндік зор үлесін қосып келеді.
Іс-шараға Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы - Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ вице-президенті, п.ғ.д., профессоры, «Экономика және бизнес» факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ-ң «Тәрбие және әлеуметтік» бөлімінің бас маманы, «Экономика және бизнес» факультетінің студенттері қатысты.
Сондай-ақ ЭК 22-1 топ студенті - Юсупов Камоладдин Даданазарович «Отаным» және Қар 23-1 топ студенті - Ермек Рауза Хайдарқызы - «Қазақстан көркем ЕЛ» атты өлең шумақтарын арнады.