«Достар қауымдастығының» алғашқы кездесуі өтті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында достар кездесуі өтті.
Достар қауымдастығы - жұмыс берушілерді, бизнес серіктестерді, танымал тұлғаларды, пікірлестерді және университет түлектерін біріктіру мақсатында құрылған ерікті қоғамдық ұйым.
"Университет пен бизнес арасындағы байланысты нығайту біздің басты мақсатымыз. Бүгінгі отырыста талқыланған мәселелер оң нәтижелер беретініне сенеміз", - дейді "Банк Центр Кредит" филилалының директоры, әрі қауымдастық төрағасы Бекдауыл Иптылдаев.
Достар қауымдастығы серіктестер арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ету, жас мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, ғылыми және коммерциялық жобалардың коллаборациясын нығайту мәселелері бойынша жұмыстар атқаратын болады.