COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Ананың ақылы-шырақ» тақырыбында пікірлесу кеші өтті

«Ананың ақылы-шырақ» тақырыбында пікірлесу кеші өтті

Шерхан институтында Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің өңірімізге танымал аналарының қатысуымен 21 ақпанда «Ананың ақылы - шырақ» тақырыбында пікірлесу кеші өтті.

Кеш қонақтары: Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы – Әбдікешова Күләш Әмедияқызы; еңбек ардагері, ғылым докторы, профессор, «Аналар алқасының» төрайымы – Сарыбекова Жанат Төленқызы; еңбек ардагері, денсаулық сақтау саласының үздігі, Жамбыл облысының құрметті азаматы, «Алтын дәрігер» атағының иесі – Абылғазина Жұмагүл Дәулетқызы; еңбек ардагері, белгілі заңгер – Абдрахманова Күлзипа Бекбауқызы; Қазіргі заман гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры – Нақыш Фарида Фаридовна қатысты.

Пікірлесу барысында ісі көпке өнеге болған ардақты аналарымыз білім, денсаулық, құқық, психология саласына қатысты әңгіме өрбітіп, пайдалы кеңестер берді. Студент жастар тарапынан аналарға сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.