COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері

Білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері

29.02.2024ж. "Педагогика" факультеті, "Жалпы педагогика" кафедрасының ұйымдастыруымен "Білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - білім беруді дамытудың стратегиялық мүмкіншілктерін, білім беру сапасын арттыру. Дөңгелек үстелге Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Баяндин М.А., "Шығармашылық мамандықтар" факультетінің деканы Курманбекова А.С., "Педагогика" факультетінің деканы Ботабаева А.Е., "Жалпы педагогика" кафедрасының меңгерушісі Елубаева Р.С., "Жалпы педагогика" кафедрасы п.ғ.к., доцент Кушеров Н.М., Тараз қаласы №28 балабақша, №44 мектеп, №4 мектеп-гимназиясының мұғалімдері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысып, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Дөңгелек үстел барысында  психологиялық ахуалды орнату үшін "Жалпы педагогика" кафедрасының оқытушылар құрамы тренингтер өткізді. Дөңгелек үстел өте жоғары деңгейде өтіліп, сөз соңында барлық келген қонақтар алғыс хаттармен марапатталды.