COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «ZHAMBYL HACKATHON» IT шешімдер сайысы басталды

«ZHAMBYL HACKATHON» IT шешімдер сайысы басталды

Білім берудегі ақпараттық технологиялар  қазіргі уақытта қоғамның ақпараттық өркениетке көшуінің қажетті шарты болып табылады.

Өңірлік Zhambyl IT Hub пен Шерхан Мұртаза атындағы Тараз инновациялық институты бірлесіп оқушыларды IT саласына тарту мақсатында Жамбыл облысының  жалпы білім беретін орта мектептерінің 10-11 сынып оқушылары мен колледж және университет студенттері үшін «ZHAMBYL HACKATHON» аз уақытта жасалып шығатын IT шешімдер сайысын өткізуде.

Байқаудың мақсаты – талантты, болашағы зор студенттер мен оқушыларды анықтау және қолдау, олардың ақпараттық технологиялар, дизайн, әкімшілік және цифрлық жобаларды басқару саласында түрлі өнімдер жасау дағдыларын дамыту.

Екі күнге жалғасатын байқауда қатысушылар берілген тапсырманы 24 сағат ішінде орындап, кейін жобасын әділ қазылар алқасы алдында қорғап шығуы қажет. Тапсырма мынадай: белгіленген уақытта web немесе мобильді қосымша жасап шығару. 

Hackathon-ға  биыл 19 команда қатысуда. Сайыстың ертең болатын кезеңінде, олар өз туындыларын қорғап, әділ-қазылар алқасы бағасын беріп, нәтижесі жарияланады. Жеңімпаз команда 500000 тг қаржылай жүлдені иеленбек.

 

Өтетін орны: ХТИИ базасы. (1-күн: ХТИИ спорт залы, 2-күн: Желтоқсан 69Б)  

Өткізу уақыты: 27 – 28 наурыз күндері, сағат  9.00 - де.