COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «ZHAMBYL HACKATHON – 2024» жеңімпаздары анықталды

«ZHAMBYL HACKATHON – 2024» жеңімпаздары анықталды

Екі күнге созылған «Zhambyl Hackathon– 2024» IT шешімдер сайысы өз мәресіне жетті.

Бұл байқауға Жамбыл облысының білім беру орындарынан 20 команда қатысып, оның 18-і финалдық кезеңге жолдама алған болатын. Командаларға берілген тапсырма 24 сағаттың ішінде Тараз қаласындағы туризмді дамыту үшін қажетті, қолдануға ыңғайлы платформа жасап шығару болған. Бүгінгі кезеңде әр команда әділ-қазылар алқасы алдында өз жобаларын таныстырып, оны қорғап шықты. Қорытындылай келе, 3 команда үздік деп танылды.  Жүлделі  3- орынды Тараз инновациялық көпсалалы колледжінен келген «Sigma» командасы иеленсе, 2-орын  Жамбыл инновациялық жоғары колледжінен келген «Hackhackit» командасына бұйырды. Дәл осы оқу орнынан келген, «Rememberus» командасының  жасап шығарған web сайты үздік деп танылып, 1-орын иегерлері  атанды. Сайысқа қатысушы командалар арнайы сертификаттармен, ал жарыс жүлдегерлері қаржылай марапаттарға ие болды.  Мәселен, 3-орынға  100000тг, 2-орынға 150000тг, ал 1-орынға 250000тг табысталды.