COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби іс-шара өткізілді

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби іс-шара өткізілді

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты 2024 жылдың 23-шы сәуір күні сағат 12:00-де Ақпараттық-кітапханалық орталығы № 2 оқу залында 23 сәуір «Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне» орай Бердібек Соқпақбаевтың 100 жасқа толуына ұйымдастырылған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби іс-шара өткізілді.

 


Іс шара мақсаты - қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев тың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып әңгімелеу, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін,көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу. Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» 23-1 тобының студенттері өмірін әдебиетпен байланыстырған жазушы туралы ақын-жазушылардың жылы лебіздерін жатқа айтты.
Жазушының «Менің атым Қожа» повесі қарапайым нанымдылыққа толы шығармаларының бірі.
«Өтірік ештеңе қоспаймын»,-деп уәде берген автор уәдесін орындайды.

 


Осы шығарманың желісімен түсірілген фильм, түсірілгеніне жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де , көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Бұл,сөзсіз, қаламгер туындысының құдыреті.
Көрген әрбір көрермен балалық шақтарына саяхат жасап қайтқандай күй кешеді. Дарын иесі бала табиғатына терең бойлап, бала мінезінің иірімдерін,балаға тән тазалық пен шыншылдықты жан-жақты суреттей білген.
Повесть қазақ балалар әдебиетінің мәртебесін биіктетіп,мазмұнын байытты.
Студенттер жазушы өлеңдерінен үзінділер оқып,әндер шырқады. Өз кезегінде сөз алған «Педагогика» факультетінің деканы Ә.А. Ботабаева студенттерге ризашылығын білдіріп, жазушы шығармаларының өзіндік сыры мен құндылығы жайлы сөз етті.