COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі

Түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі

 

Гуманитарлық ғылымдар академигі Алтай Аманжоловтың 90 жылдығына арналған іс-шаралар легі жалғасуда. Бүгін «Түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі» тақырыбында Дөңгелек үстел отырысы өтті. Қазіргі түркі тілдерінің фразеологиялық қоры барлық тілдерінде біркелкі зерттелмеген және фразеолиялық бірліктердің нысаны мен шеңбері туралы әлі толық қалыптасты деп айта алмаймыз. Шарада түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдер лұғаты тілдердің дамуына әсер ететін факторларды анықтау, тіларалық байланыстарға ғылыми талдау жасау, ортақ лексика - фразеологиялық қорды жүйелеу, түркі ата тілінің негізін анықтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен ерекшеліктері баяндалды.

 


Бүгінгі шараға арнайы келген қонақтарымыз осы тақырыптар төңірегінде қатысушы жастарға көптеген мағлұматтар берді. Түркітілдес халықтардың тіл мен мәдениеті, тарихы мен өркениеті, рухани байлығы мен дана ойлары туралы зерттеулер әлі де болашақта орын алады деп сенеміз. Сондай-ақ, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік ғалымдардың дәрісі де тыңдалды.