Білім бәйгесінде топ жарды
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша өткен ІV-Халықаралық олимпиадада оқу орнымыздың студенттері ІІ орын алды.
Шерхан институтының «Экономика және бизнес» факультетінен қатысқан «Әрекет» атты студенттер командасы (топ мүшелері: Әлімбек Д., Абдықадыр А., Төрехан Б.) Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Университетінде өткен халықаралық білім бәйгесінде топ жарды.
Бұл олимпиаданы өткізудегі мақсат - жастардың арасында басқарушылық ойлауды қалыптастыру мен студенттерді ғылыми – зерттеушілік әрекеттегі инновациялық басқаруға бейімділігін арттыру.
Біздің команда мүшелері мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Олимпиада ұйымдастырушылары, Шерхан институтының студенттерін ерекше бағалай отырып жетекшілеріне, атап айтсақ: Қуатбеков Ж.А., Кадырова А.С., Асемова Р.Д. алғыстарын білдірді.