COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Менің қаруым - қалам мен газет» атты дөңгелек үстел өтті

«Менің қаруым - қалам мен газет» атты дөңгелек үстел өтті

  

 

«Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ әдебиеті» газетіне 90 жыл толу мерейтойына және Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «Менің қаруым – қалам мен газет» атты дөңгелек үстел өтті.  

 

 

 

Іс-шарада қазақ журналистикасының қаранарлары, ардагерлері, белдіқызметкерлері бас қосты. Атап айтатын болсақ:

1. Елен Әлімжан – ардагер журналист, драматург, публицист; Кеңестер Одағының үш медалімен және Мәдениет министрлігінің “Мәдениет қайраткері” төсбелгісімен марапатталған. “Құрмет” орденінің иегері, “Жамбыл облысының Құрметті азаматы”.

2. Бекет Момынқұл - жазушы-журналист, ардагер журналист, Бауыржантанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

3. Асқарбек Сейілхан – журналист-жазушы, Жамбыл облыстық қазақ драма театрына еңбегі сіңген әртіс.

4. Оралхан Әбдірашұлы Дәуіт – Жамбыл облыстық маслихатының депутаты, ардагер-журналист.

5. Хамит Есаман – Жазушылар Одағының Жамбыл облыстық филиалының басшысы, ақын, журналист.

6. Тұрсынбек Сұлтанбеков – «AR-AI» жастаргазетінің бас редакторы, журналист.

7. Табиғат Абаилдаев – «Егемен Қазақстан» республикалықгазетінің меншікті тілшісі. 

 

 

 

Алғашқы сөзді Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ Вице-президенті п.ғ.д., профессор М.Н.Сарыбеков алып, қазақ журналистерінің қоғамдағы елеулі еңбегін айтып өтті.

Сондай-ақ шара қонақтары журналистика мен телевизия саласы турасында тұщымды ойларымен бөлісті.