COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Қазақстандық мамандар гидрологиялық есептеу шеберліктерін шыңдады!

Қазақстандық мамандар гидрологиялық есептеу шеберліктерін шыңдады!

 

2024 жылдың 3-7 маусым аралығында 100 жылдан аса тарихы бар талай майталман гидрологтарды шыңдаған Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік Гидрологиялық институтында «Инженерлік гидрологиялық есептеулер (қазіргі заманғы проблемалар және оларды шешу жолдары)» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті. Бұл курс Росгидрометтің аумақтық басқармаларын, жобалау-іздестіру ұйымдары мен Қазақстанның ғылыми орталықтарын қоса алғанда, әртүрлі ұйымдардың гидролог-мамандары үшін арнайы ұйымдастырылды.

 


Аталмыш курста өзгермелі климат жағдайында гидрологиялық сипаттамаларды есептеудің заманауи әдістеріне, сондай-ақ мәлімет қатары жеткіліксіз болған жағдайда есептік сипаттамаларды анықтау проблемаларына ерекше назар аударылды. Курс барысында су басу аймақтарының ерекшеліктерін және Гидрологиядағы құқықтық аспектілерді қоса алғанда, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелерге жіті назар аударылды.
HydroStatCalс сияқты инженерлік гидрологиялық есептеулерді автоматтандырудың заманауи құралдарын қолдана отырып, практикалық сабақтарға ерекше мән берілді, бұл біздің мамандарға гидрологиялық мәліметтерді статистикалық өңдеудің жаңа дағдыларын игеруге және жұмыс сапасын жақсартуға, әрі оны жылдамдатуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.