Президент Жолдауы “АСАР “мүгедектер оңалту орталығы қызметкерлері мен емделушілері арасында насихатталды
17/09/24 Бүгін “АСАР “мүгедектерді оңалту орталығында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауын Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтының «Экономика және бизнес» факультетінің деканы Куатбеков Жарас Алпысбайұлымен және қалалық мәслихат депутаттарымен бірге талқыладық.
Кездесуде Жолдаудағы сан алуан тақырыптарды қамтып, әлеумет, салық, жасанды интелекті дамыту, ең маңыздысы АЭС салу мәселесі мен 6 қазан күні өтетін Республикалық референдум және т.б. атап өттік.
Шара соңында қатысушылар еліміздің дамуында жаңашылдық бағытты қолдап, референдумға бір кісідей қатысатындықтарын жеткізді.