COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Дөңгелек үстел: «Мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері»

Дөңгелек үстел: «Мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері»

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының әкімшілік ғимаратындағы конференция залында «Мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын талқылау аясында ұйымдастырылды.

Президент өз Жолдауында Қазақстанда атом энергетикасын дамыту қажеттілігіне ерекше тоқталып өтті. Президент атап өткендей: «Қазақстанда атом электр станциясын салу – бұл елді тұрақты және экологиялық таза энергия көзімен қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар энергетикалық қауіпсіздігімізді нығайтуға мүмкіндік беретін қадам». Сонымен қатар, ол экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізудің маңыздылығын атап өтті: «Әр шешім мұқият ойластырылуы керек, ал қоғам пікірі ескерілуі тиіс»,-деді.

 

 

Дөңгелек үстелде негізгі баяндамашылардың бірі  Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, п.ғ.д., профессор Махметғали Сарыбеков «Энергетикалық қауіпсіздіктің экологиялық факторлары» тақырыбында баяндама жасап, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту барысында қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын атап өтті. «Жаратылыстану» факультеті «Жаратылыстану  пәндері» кафедрасының PhD докторыӘлия Омарова «АЭС салудың тиімділігі, пайдасы мен зияны» тақырыбында баяндама жасады. Ол атом электр станцияларын салудың барлық аспектілерін талдап, олардың тұрақты энергиямен қамтамасыз етудегі тиімділігін, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді атап өтті. А.Омарова өз сөзінде: «Атом электр станциялары энергетикалық жүйеміздің маңызды бөлігіне айналуы мүмкін, бірақ барлық тәуекелдер ескеріліп, олардың іске асырылуына дайындықтың нормативтік базасы жасалуы тиіс», - деді.Сондай-ақ, «Жаратылыстану мамандықтары» кафедрасының доценті Қален Жамбайбеков «Атом энергиясы – бейбіт өмірге» тақырыбында сөйлеп, атом энергетикасының қоғамның тұрақты және бейбіт дамуына қосатын үлесін атап өтті.

 

 

«Экономика және бизнес» факультетінің деканы, PhD доктор Жарас Қуатбеков болса «Атом энергетикасының экономикалық тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстандағы атом энергетикасын енгізудің экономикалық пайдасын және оның ұзақ мерзімді экономикалық өсуге қосатын үлесін талқылады.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар энергия көздерін әртараптандыру, энергетикадағы инновациялар және Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жақсарту үшін қажетті шараларды талқылады.