COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Шерхан Мұртазаның немересімен кездесу өтті

Шерхан Мұртазаның немересімен кездесу өтті

 

«Тұлғалар алаңы» жобасының аясында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Жаратылыстану», «Педагогика» факультеттерінің ұйымдастыруымен Халық жазушысының немересі Зиба Мұртазамен кездесу өтті.

Жобаның негізгі мақсаты – студенттердің өз бетімен ізденіп оқу, шығармашылық дағдыларын қалыптастыра отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ой ұшқырлығын дамыту, тіл ұстану қабілеттерін дамыта оқыту, сонымен қатар, ел тарихымен таныстыра отырып, студенттерді елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу. Отаншылдық, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру.

 

 

Осы күнге дейін жоба аясындағы қонақтардың арасында белгілі ғалымдар, журналистер, ұстаздар, қоғам қайраткерлері болған еді. Шерағаның туылған күні қарсаңында қонақ ретінде келген немересі оның болмысы мен шығармашылық жолы, отбасындағы тәрбиесі, қайраткерлік тұлғасы жайында әсерлі әңгіме өрбітті. Оның тәрбиесін алып, мейіріміне бөленіп өскен Зиба Мұртаза балалық шағындағы әр жылдарда жазылған хаттарының мазмұнымен, мәтінімен таныстырып, Шерағамен түскен фотоларымен бөлісті.

Студенттер қарымды қаламгердің шығармаларынан үзінділер оқып, арнайы дайындаған арнауларын да ұсынды.

Кездесу соңында кеш қонағы студенттерге насихат айтып, «Құрметті қонақтар» кітабына тілек қалдырып, университет басшылығына ризашылығын білдірді.

Университет басшылығы Зиба Мұртазаға естелік сый тапсырып, үлкен алғысын білдірді.