COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Ұстаз – ұлы тұлға»: Жастар ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері Махметғали Сарыбековпен кездесті

«Ұстаз – ұлы тұлға»: Жастар ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері Махметғали Сарыбековпен кездесті

 

Ұстаздар күні қарсаңында Қазақстан студенттер Альянсының Жамбыл облыстық филиалы «Ұстаз – Ұлы тұлға» атты ерекше кездесу өткізді. Іс-шара «Рухани керуен» бастамасы аясында ұйымдастырылып, өңіріміздегі ЖОО-ның бірқатар студенттері педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновация институтының ректоры Махметғали Сарыбековпен кездесті. 

Кездесу барысында Махметғали Сарыбеков өзінің кәсіби жолын баяндап, ұстаздық қызметінің мәні мен маңыздылығы туралы ой бөлісті.

Еркін диалог форматында өткен іс-шарада студенттер Махметғали Сарыбековке ұстаздық және басшылық қызметтеріндегі жетістіктері мен кездескен қиындықтары туралы көптеген сұрақтар қойды. Бұл кездесудің арқасында студенттер тек ұстаздық қана емес, басшылық қызметке де үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін түсініп, кәсіби бағыттарын айқындай түсті.

 

 

Іс-шара барысында Қазақстан студенттер Альянсы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дархан Байпақ жастар үшін жасап жатқан қажырлы еңбегі мен тәлімгерлігі үшін Махметғали Нұрғалиұлына ерекше алғысын білдірді. Ол Махметғали Сарыбековтің жастарға үлгі боларлық өмірлік жолын атап өтіп, оның тек ұстаздық емес, басшылық қызметте де өз үлесін қосып, жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасап жатқанын ерекше атап айтты. Осы орайда алғыс хат пен сый-сияпат табыстап, оның жас буынға бағыттаған күш-жігеріне ризашылықтарын білдірді.

Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, әсерлі сәттерді есте қалдырды.

Бұл шара болашақ мамандарға тәжірибелі педагог және басшыдан өмірлік сабақ алып, өздерінің ұстаздық және көшбасшылық жолдарына деген сенімдерін нығайтуға зор мүмкіндік сыйлады.