COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Мәскеу университетімен әріптестік байланыс нығаюда

Мәскеу университетімен әріптестік байланыс нығаюда

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты алыс-жақын шет елдердің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыстарды дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Осы мақсатта, 2024 жылдың 27 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында тәжірибе алмасу үшін бірқатар оқытушылар Мәскеудегі С.Ю. Витте атындағы университет пен Санкт-Петербургтегі Р. Валленберг атындағы Арнайы педагогика және психология институтының шақыруымен іс-сапарда болды.

 

 

Іс-сапарға тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Г.Қ. Құлабекова, «Жаратылыстану» факультетінің деканы М.Н. Нұрғабылов, ғалым хатшы Қ.Ө. Тамабаева, Студенттерге қызмет көрсету орталығының басшысы Р.Б. Абдуллаева, Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.М. Андреева және Спорттық бұқаралық жұмыстар орталығының директоры С.Қ. Балаби қатысты.

 

 

Кездесу барысында оқу орындары басшылығы академиялық ұтқырлық, ғылым және әлеуметтік даму бағыттары бойынша, сондай-ақ болашақтағы ынтымақтастық перспективалары жөнінде кеңінен пікір алмасты. Оқу орындары арасында бірлескен жобалар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ПОҚ пен студенттердің алмасуы, дәрістер және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру туралы келісімдер жасалды.

Бұл сапар алдағы уақытта екі жақты қарым-қатынастардың жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді және білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің жаңа жолдарын ашпақ.