COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Қытайлық инвесторлармен кездесу өтті

Қытайлық инвесторлармен кездесу өтті

 

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен маңызды кездесу өтті. Бұл іс-шара институт аумағында үлкен жобаны жүзеге асыруға бағытталған серіктестік келісімдерді қарастыру мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуге институттың құрылтайшысы Ерболат Саурықов пен оқу орнымыздың әкімшілік өкілдері қатысты.

 

 

Айта кету керек, Шерхан Мұртаза институтытының Желтоқсан көшесі, 69Б мекенжайындағы бас ғимарат маңында орналасқан бос алаңда жаңа оқу ғимаратын салу жоспарда бар. Жаңа ғимарат институттың негізгі корпусына айналып, студенттер мен оқытушылар үшін оқу аудиторияларын, конференц-залдар мен басқа да заманауи оқу-ғылыми кеңістіктерді қамтитын болады. Құрылыс жобасының ауқымы үлкен және едәуір қаражатты талап етеді. Алдын ала есептеулер бойынша, жоба құны 6 миллиард теңгеге бағалануда, оның ішінде 2 миллиард теңге жұмысшылардың еңбекақысына, ал 4 миллиард теңге құрылыс материалдарына жұмсалмақ. Алайда, жоба құны материалдардың бағасына байланысты өзгеруі мүмкін.

 

 

Бұған дейін институт Ресей мен Түркия инвесторларымен де келіссөздер жүргізгенімен, олардың талаптары жобаның қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмады. Осыған орай, институт басшылығы Қытайлық инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, жобаны қаржыландыру үшін қолайлы серіктестікті жүзеге асыруды мақсат етуде.

 

 

Келіссөздер барысында институт өкілдері қытайлық қонақтарға заманауи зерттеу орталықтарын таныстырды. Осылайша, қытайлық серіктестер болашақта салынатын ғимараттың құрылыс орны мен институттың инфрақұрылымдық нысандарын көріп, кең ауқымды жобаны талқылауға мүмкіндік алды.