Қысқы мектеп – 2025: «Жасанды интеллект: жаңа кадрлар даярлау – жаңа мүмкіндіктер»
2025 жылдың 6 қаңтарында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Жасанды интеллект: жаңа кадрлар даярлау – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында III-ші Қысқы мектептің салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу рәсімінде университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы Махметғали Сарыбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ректор өз сөзінде жасанды интеллектің жаһандану заманындағы маңыздылығын ерекше атап өтіп, оны білім беру саласында тиімді қолдану қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Қысқы мектептің қатысушыларына жаңа технологияларды меңгеру арқылы болашаққа тың мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді.
Қысқы мектеп курсы 06.01–13.01.2025 аралығында өтеді. Оған қатысушылар 5 модуль аясында ұйымдастырылатын 10 шеберлік сабақтарына қатысады:
- Модуль 1: Жасанды интеллект және заманауи құзыреттіліктер
- Модуль 2: Жасанды интеллект құралдары
- Модуль 3: Интерактивті технологиялар және онлайн білім беру
- Модуль 4: Жеке тиімділік және уақытты басқару
- Модуль 5: Онлайн курстарды әзірлеу әдістемесі
Бұл бағдарлама білім беру жүйесін жетілдіруде жасанды интеллекттің рөлін түсінуге және оның практикалық қолдану тәсілдерін меңгеруге бағытталған.
Қысқы мектеп қатысушылары жаңа дағдыларды игеріп, білім беру мен кәсіби дамудың жаңа көкжиектерін ашады деп күтілуде. Университет ұжымы атынан барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!