Өндірістік практикаға бағыт беру конференциясы өтті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Заң» факультетіне қарасты «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасы 6В04201 – Құқықтану, 6В04202 – Мемлекеттік қызмет саласындағы заңгер, 6В04203 – Қылмыстық құқық және процесс білім беру бағдарламаларының 4-курс күндізгі бөлім студенттеріне арналған өндірістік практика мәселелері бойынша бағыт беру конференциясын өткізді.
Конференция барысында студенттерге өндірістік практиканың мазмұны, мақсаты мен талаптары туралы толық ақпарат берілді.
Өндірістік практика – оқу процесінің маңызды кезеңдерінің бірі. Ол студенттердің теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануына, кәсіби дағдыларды қалыптастыруына және нақты жұмыс жағдайларымен танысуына мүмкіндік береді. Практиканың негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттерін нығайту, тәжірибелік дағдыларды игеру және оларды болашақ кәсіби қызметке дайындау.
Конференцияда практиканың базасы мен талаптары жан-жақты талқыланып, студенттерге нақты бағыт-бағдар берілді.
Бұл шара студенттердің өз білімдерін тәжірибелік тұрғыда бекітіп, кәсіби біліктіліктерін арттыруға үлкен мүмкіндік бермек.
Барлық студенттерге сәттілік тілейміз!