COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті

«Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті

 

Бүгін Ш.Мұртаза университетінде  мектеп оқушылары арасында робототехника бойынша «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатының облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мен Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті бірлесе өткізді.

 

 

Чемпионаттың басты мақсаты – өңірдің робо-спорт резервін қалыптастыру, жас таланттарды анықтау және инновациялық ойлауды дамыту.  Чемпионатқа 79 оқушыдан құралған 40 команда сайысқа түсті. Қатысушылар роботтарды жобалау, бағдарламалау және нақты тапсырмаларды орындау бойынша өз шеберліктерін сынады. Жарыс 7 санат бойынша өтті:

1«Роботек» санаты (9-13 жас)
2 «Инверстік сызық бойымен жарыс» санаты (9-13 жас)
3 «Жеткізуші робот» санаты (9-13 жас)
4 «Мерген» кіші және жоғары санаттары (14-17 жас)
5 «Туды жеткізу» санаты (14-17 жас)
6 «Сұрыптаушы робот» санаты (14-17 жас)
7 «РобоБаскетбол» санаты (9-17 жас)

 

 

Әр санат бойынша 1-орын алған командаларға 25 000 теңге, кубок және диплом табысталды. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 175 000 теңгені құрады, қаржылай қолдау  Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті тарапынан көрсетілді.

 

 

Чемпионат балалардың техникалық шығармашылық қабілеттерін шыңдап, инженерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті ғылым мен технологияға қызығушылық танытқан жастарды қолдауды әрі қарай да жалғастыра отырып, олардың білімін жетілдіруге және инновациялық жобалармен айналысуына жағдай жасауды мақсат етеді.