COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған әдеби іс-шара өтті

Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған әдеби іс-шара өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Ақпараттық-кітапханалық орталығы, №3 оқу залының ұйымдастыруымен «Әбіш Кекілбаев – ұлы тұлға» атты әдеби-танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұраларының өміршеңдігін түсіндіру, жастардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту және эстетикалық талғамын арттыру. Сонымен қатар, студенттерді қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының еңбектерін тереңірек тануға баулу көзделді.

 

 

Жиында Әбіш Кекілбаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы кеңінен баяндалып, оның қазақ әдебиеті мен саяси қайраткерлік жолындағы орны ерекше атап өтілді. Студенттер мен оқытушыларға жазушының шығармалары, нақыл сөздері, баспасөз материалдары қойылған көрме ұсынылды.

Іс-шара барысында жазушы туралы танымдық бейнеролик көрсетілді, слайд-презентация арқылы өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды,сондай-ақ"Сұрақ-жауап" форматында әдеби ойын-сайыс ұйымдастырылды. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды

 

 

Әбіш Кекілбаев – қазақ әдебиетінің ғана емес, елдің саяси-мәдени өмірінде ерекше орны бар тұлға. Оның шығармалары мен ойлары бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін рухани қазына болып қала береді.

Бұл шара жастарға ұлт мақтанышы Әбіш Кекілбаевтың еңбектерін тереңірек таныстыруға және әдеби мұраларын дәріптеуге ықпал етті.