Корея мәдени фестивалі
2019 жылдың 21-22 жұлдызында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің қабырғасында корей ұлтының мәдениетіне арналған фестиваль өтті. Аталмыш іс-шара Алматы
қаласындағы Корея мемлекетінің Бас Консулдығымен бірлесіп жасалған болатын.
Серіктес ЖООнан, мектептерден студенттер мен оқушылар қатысты. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен ақшалай сыйлықтарды Алматы қаласындағы Корея мемлекетінің Бас Консулы Ким Хынг Су мырза мен вице-консул Ли Джун Хо мырза, экономика және мәдениет саласындағы маман Чан Пен Хва мырза.
Барлығының сүйікті тобы MADNESS өз өнерін көрсетіп, көз айым болды, ал «Томирис» би мектебінің қыздары мың бұралып таң қалдырды. Қонақтар да құр қол қалмады, викториналар өткізіліп сыйлықтарға ие болды.
Нәтижелері төмендегідей:
[Шешендік өнер]
-Гран-при : Пиржанова Айсулу/ ТарГПУ, 4 курс студенті
-1-орын : Турсунбаева Жулдызай/ТИГУ, 3 курс студенті
- 2-орын : Югай Екатерина /ТИГУ, 1 курс студенті
- 3-орын : Пак Константин/ 40 мектеп, 7 сынып оқушысы
[К-поп сайысы]
Би ;
- Гран-при : "Jitae" спорттық клубы
- 1 орын : Сейдилдаева Толганай, Серикбай Айсулу, Кенес Алиман, Диханбаева Асылзат, Далабай Аружан, Кожанова Айгерим / ТИГУ, 4 курс студенттері
- 2-орын : Есмурат Аружан, Картайган Акбота, Сандыбаева Аружан, Мейркул Улбосын / ТИГУ, 2 курс студенті
- 3-орын : Самат Сабина, Каржау Жанель, Есиркен Акзер, Касым Аяулым, Камбарова Нурай, Есетова Дайана / 8 мектеп, 9 сынып оқушысы
[К-поп сайысы : ән ]
- 1-орын : Кудайберген Саадат, Исмаил Гаухар/ ТИГУ, 2 курс студенттері
- 2-орын : Жабарова Дильназ, Толеген Фатима, Бакытжан Аружан / ТарГПУ, 1 курс студенттері
- 3- орын : Ягубова Миновар (31 школа 11 класс), Вон Екатерина (31 школа 11 класс), Ким Вероника (40 мектеп 11 сынып)
ТИГУ ректоры Ерболат Байұзақұлы Саурыықов мырзаға, Алматы қаласындағы Корея мемлекетінің Бас Консулы Ким Хынг Су мырзаға, «Томирис» би мектебінің жетекшісі Тен Ирина Иннокентьевна ханымға сонымен қатар барлық қатысушыларға, атсалысқан адамдарға алғыс айтқымыз келеді.