COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы Тәрбиелеу дегеніміз — адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.  Әбу Насыр Әл-Фараби Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе – ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек.  Ыбырай Алтынсарин Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.  Абай Құнанбаев

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Әл-Фарабидің нақыл сөздері» дөңгелек үстелі

«Әл-Фарабидің нақыл сөздері» дөңгелек үстелі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Әл-Фарабидің нақыл сөздері» дөңгелек үстелі

     04.09.2020 күні «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушы Ажибаева Роза Елибайқызы және оқытушы Үйсінбай Айшолпан Қайратқызы, БОПӘ 18-1,19-1 топ студенттерінің ұйымдастыруымен шығыстың ғұлама ойшылы, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арнап «Әл-Фарабидің нақыл сөздері» тақырыбында дөңгелек үстелі (онлайн вебинар, ZOOM) өтті.
     Дөңгелек үстелдің мақсаты: Студенттерге Әбу Насыр әл-Фарабидің нақыл-сөздерін ұлықтау, жастарға өнеге болатындай тәлім-тәрбиелік насихаттау жүргізу.
     Дөңгелек үстелдің бағдарламасы:
Аға оқытушы Ажибаева Роза Елибайқызының кіріспе сөзі
БОПӘ 18-1 тобының студенті Әзима Жұмаштың баяндамасы
Презентациялық түсіндірілім
Пікірталас,сұрақ-жауап,талқылау.