COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы Тәрбиелеу дегеніміз — адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.  Әбу Насыр Әл-Фараби Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе – ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек.  Ыбырай Алтынсарин Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.  Абай Құнанбаев

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ШЫҢДАҒЫ ШЫНАР ШЕРХАН

ШЫҢДАҒЫ ШЫНАР ШЕРХАН

 

ШЫҢДАҒЫ ШЫНАР – ШЕРХАН 

(Ш.Мұртазаны еске алу кеші)

Қазақтың Халық жазушысы,  Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті драматург, қазақ руханиятының бірегей оғланы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза 87 жасқа қараған шағында дүниеден өткен еді.

Ғибратты ғұмыр кешіп, толағай туындыларын өмірге әкелген, «қазақ орманының жолбарысы» атанған Шерхан ағам, абыз ағам, абзал ағамның да өмірден озғанына екі жыл өтіп кетіпті.

Халқын сүйген қаламгерді халқы қалап 2009 жылдың 29 сәурінде  киелі Жамбыл жерінде орналасқан Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан ашылған «Шерхантану»  орталығы жазушының 28-қыркүйек - туған күніне байланысты ZOOM платформасында «Шыңдағы шынар - Шерхан» атты әдеби-танымдық кеш өткізді. Кештің негізгі мақсаты - ұлы өзгерістер жасаған дәуірдің ұрпағы, кең-байтақ Қазақстан жұртшылығының көрнекті жазушысы, публицистика шебері, драматург, қоғам қайраткері, ұлттық мәдениетімізде өзіндік бедер қалыптастырған, ұлттық қазынамыздың алтын сандығын байытып, шоқтығы биік шығармалар сыйлаған Ш.Мұртазаның жарқын бейнесін еске алып, студент-жастар мен шерхансүйер қауымға жазушының азаматтық бейнесі жайлы естеліктер айту. Сонымен қатар, жастарымыздың  ой-өрісін көтеріп, санасына сәуле құю.

Кеште қонақ болып, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев жылы лебізін білдіріп, Шераға туралы естеліктер айтты. Жуалы ауданы Талапты ауылының №22 Б.Момышұлы атындағы мектебінің ұстаздары байланысқа шығып, ұсыныстарын  жеткізді. «Филология» мамандығының 2-курс студенттері Махсатова Аружан, Балғабайқызы Перизат, мамандық түлегі Спанәлі Серіктер арнауларын оқыды.

«Бір кем дүниені» келер ұрпақ түгендесе екен деп еді Шерағам. Сол кемшіліктерді түгендей білетін жастарды тәрбиелеу -  біздің басты мақсатымыз.

            Ш.Мұртазаның жүріп өткен өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа үлкен үлгі, дара жол болып қала бермек. Еліне адал еңбек етіп, ұлтының қам-қарекетін ойлап өмірден өткен Шерағаның ғибратты ғұмырын біздер әрқашан құрмет тұтамыз.

        Шерағадай тұлғаның атындағы орталықты басқарып отырған біздер ағаның шығармашылығы мен өміріне қатысты деректердің үнемі алтын әріптермен зерленіп жазылуына бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.   Тұғыры биік, парасатты, Қазақтың Шерағасына айналған дана да дара тұлғаның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. 

Еліне адал еңбек етіп, ұлтының қам-қарекетін ойлаған Шерағаның ғибратты ғұмырын біздер әрқашан құрмет тұтамыз. Қазақтың Шерағасына айналған дана да, дара тұлғаның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Мінгенің пырақ, ұстағаның шырақ, жатқан жерің жұмақ болсын, қазақтың Шерағасы!

 

«Рухани жаңғыру және Шерхантану» орталығының

директоры Айнұр Кембаева