COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Ұлтымыздың рухани жаңғыруы және Шерхан Мұртаза мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы жемісті өтті

«Ұлтымыздың рухани жаңғыруы және Шерхан Мұртаза мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы жемісті өтті

«Ұлтымыздың рухани жаңғыруы және Шерхан Мұртаза мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы жемісті өтті
2020 жылдың 12-қарашасында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Рухани жаңғыру және Шерхантану» орталығының ұйымдастыруымен «Ұлтымыздың рухани жаңғыруы және Шерхан Мұртаза мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Конференцияның негізгі мақсаты - ҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның шығармашылығын және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау.
Халық жазушысының өмірі мен шығармашылығына байланысты бұл бағыттағы конференция осымен 3-ші мәрте өткізіліп отыр. Осыған дейін 2012 жылы жазушының 80 жылдық және 2017 жылы 85 жылдық мерейтойына байланысты «Ш.Мұртаза шығармашылығы және тәуелсіз ел руханияты» тақырыбында өткізілген болатын.
Аталмыш конференция елімізде болып отырған төтенше жағдайдың алдын алу сақтық шараларына байланысты онлайн форматта, ZOOM платформасында өткізілді.
Конференцияны Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Саурықов ашты.
Пленарлық баяндаманы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Жамбыл» атындағы қазақ әдебиеті мен фальклорын зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдіманұлы «Т.Рысқұлов және Шерхан Мұртаза: ой-таным бірлігі, ұлттық ұстаным бірлестігі» тақырыбында бастап; кезекті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Ыбырайым Әзімхан Оразбайұлы «Ш.Мұртаза – ұлт руханиятының жанашыры» тақырыбындағы баяндамасына берді; Сонымен қатар, конференцияда Шерхантанушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, ф.ғ.д. Көпбаева Меруерт Рахымбайқызы «Тәуелсіздік кезеңіндегі «Шерхантану» тақырыбындағы, Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» офисі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қуатова Зарина Пердыбекқызы «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» тақырыбындағы және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің Құрметті профессоры, ф.ғ.к. Меңдібай Әбілұлы «Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние» атты шығармасының танымдық маңызы» атты баяндамасын жұртшылыққа ұсынды.
Баяндамалар өзінің ғылыми негізділігімен, жаңашылдығымен ерекшеленіп, конференцияға қатысушылар ерекше ықыласпен қабылдады.
Конференция соңында ТИГУ-дің ректоры Ерболат Саурықов «Шерхан Мұртаза атындағы стипендия» иегерлеріне және республикалық дәстүрлі «V Шерхан оқулары» байқауы жүлдегерлерінің сертификаттарын салтанатты түрде табыстады. Келесі оқу жылындағы ректор грантының иегері Меркі ауданының 11-сынып оқушысы Абдықадір Ғани ерекше сертификат иегері атанды. Ал оқудың 4 жылғы төлемақысы бойынша 50 пайыз жеңілдікті Шу ауданының оқушысы Әбдіғұл Мейірім иеленсе, 25 пайыз жеңілдікті Байзақ ауданының оқушысы Сүндетова Ақшолпан иеленді.