COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Адалдықты жырлайды, тәуелсіз елдің ақыны!» атты облыстық жас ақындар додасы

«Адалдықты жырлайды, тәуелсіз елдің ақыны!» атты облыстық жас ақындар додасы

Желтоқсан айының 10-күні сағат 10.00-де Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бас оқу ғимаратының акт залында «Шерхантану және рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының және Жамбыл облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес күніне орай ұйымдастырған «Адалдықты жырлайды, тәуелсіз елдің ақыны!» атты облыстық ақындар айтысы өтті.

            Айтыстың негізгі мақсаты - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттай отырып, Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулағында екенін назарда ұстап, Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында студенттерді демократиялық, құқықтық мемлекеттілікке бет алған Қазақстанның белсенді азаматтары болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар, жастарды ата-бабамыздан мұра болып қалған шешендік өнер арқылы сыни ойлауға, логикалық байланыс табуға, сөз астарын жылдам түсініп, әуезді әуенмен ұтымды сұрақтар қойып, көрерменнің ықыласына бөленуге дағдыландыру, жастарды достыққа, бірлікке шықыру, ұлттық-рухани және патриоттық тәрбиеге, адалдыққа баулу.

            Айтысқа барлығы 10 үміткер қатысты. Яғни, 5 жұп. Төрелік жасаған әділқазылар құрамы төмендегідей болды:

Төраға:

Есет Жаңабайұлы Досалы – Айтыскер ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Әділқазылар алқасының мүшелері:

Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы – Жамбыл облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының бірінші орынбасары.

Алпамыс Шәменұлы Қазыбаев – «QAZAQSTAN» РТРК АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары – Бас редактор, ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Әсет Дүйсебаев – Айтыскер ақын.

Айтмұхамбет Исақов – Айтыскер ақын.

Бекназаров Бахтияр Арманұлы – ТИГУ «Рухани жаңғыру» орталығының және «Саналы ұрпақ» ұйымының жетекшісі, филология магистрі.

            Айтыс қорытындысы бойынша орындар былай бөлінді:

Бас жүлде – Нұржан Манатбек – Талас ауданы

І орын – Дидар Апбас - Тараз қаласы

ІІ орын – Медеу Мырзатай – Тараз қаласы

ІІІ орын – Төлеби Тәңірберген – Тараз қаласы

Айтыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Айнұр Кембаева, «Шерхантану және рухани жаңғыру»

орталығының директоры