COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Алғыс айту күніне тәрбие сағаты

Алғыс айту күніне тәрбие сағаты

Бүгін 01.03.2021 жылы сағат 11-00 де «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен: «1 наурыз - Алғыс айту» күніне орай Қар-20-1, ЕА-20-1 топ кураторы А.Д. Сейтов және Қар-19-1, ЕА-20-1 топ кураторы Д.М. Әшіралиева тәрбие сағатын ZOOM платформасында https://us05web.zoom.us/j/7950104680?pwd=V2ZqdDB4Z3R1b0lYc29rZW1YbS9tQT09 онлайн түрінде өткізді. А.Д. Сейтов сөз алды: Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Кейінгі ұрпаққа еліміздің бірлігі мен тыныштығын, жердің бүтіндей аманат етіп сақтап келген ата - бабаларымызға алғысымыз шексіз. Сондай-ақ, Қар-20-1 тобының студенті, Тұрдахмет Ақерке анасына алғысын білдіру мақсатында «Анаға алғыс» атты өлең жолдарын жолдады. Д.М. Әшіралиева жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуді үйреніңіздер, деп тәрбие сағатын аяқтады.
 Студенттердің барлығы өте белсенді қатысып, тәрбие сағаты өз деңгейінде өтті.