COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз мерекесі келіп жетті.

Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз мерекесі келіп жетті.

Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз мерекесі келіп жетті. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

Бүгін Халықаралық Тараз инновациялық институтында алғаш рет, ерекше форматта мерекелік жиын өтті. Жиын институт ректоры Ерболат Саурықовтың бастамасымен «Шақырады көктем» тақырыбында дөңгелек үстел басындағы кездесу түрінде өтті.

Мерекелік жиынның қатысушылары инстиуттың дамуына ерекше үлес қосып жүрген ғалым қыздар, ардагер ұстаздар, білікті басшылар мен студент қыздар өз пікірлерін ортаға салды. Олар жетістіктері туралы айтып, мерекеге сай ізгі тілектерін, ұсыныстарын айтты.

Өз кезегінде ректор Е.Саурықов институт аруларына ризашылығын білдіріп, естелік сыйлықтар тапсырды.