COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Бекназаров Б.А. қаламыздағы Төле би гимназиясында, № 35, 36 мектептерінде «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен және мектеп мұғалімдерімен кездесті.

«Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Бекназаров Б.А. қаламыздағы Төле би гимназиясында, № 35, 36 мектептерінде «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен және мектеп мұғалімдерімен кездесті.

Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады дейді Әл-Фараби бабамыз. Адалдық дегеніміз – ұлы құндылықтардың бірі. Ата-анаңа, жарыңа, туған бауырларыңа, туыстарыңа деген адалдық бар. Жұмысыңа, қойған мақсатың мен арманыңа да адалдық қажет. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Француз жазушысы Анатоль Франс: «Өмірде ең қауіпті екі жау бар: бірі – дарынсыз кәсіпші, екіншісі – кәсібі жоқ дарын», – депті. Жастардың бойындағы адалдық, парасаттылық, әділдік, шыншылдық, дарындылық, іскерлік, адамдық қасиеттерді дамыту мақсатында,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат штабының мүшесі, институтымыздың «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Бекназаров Б.А. қаламыздағы Төле би гимназиясында, № 35, 36 мектептерінде «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен және мектеп мұғалімдерімен кездесті.