COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / НАУРЫЗДЫҢ БАСТАУЫ – КӨРІСУ КҮНІ!

НАУРЫЗДЫҢ БАСТАУЫ – КӨРІСУ КҮНІ!

Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем беру ежелден дәстүрге айналған. Дүйім жұрт бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Яғни, Көрісу күні – түркі жұртының ұлы мейрамы Әз-Наурыздың бастамасы.

Бұл келелі мейрамды насихаттауда Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Білім» факультеті, Филология кафедрасының ұйымдастыруымен, институтымыздың профессор-оқытушылары мен студенттері қатысқан «Наурыздың бастауы – Көрісу күні!» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті. Аталмыш іс-шарада филология ғылымдарының кандидаттары Р.А.Беркенова, М.Ә.Әбілов, А.Б.Белботаев, А.Ө.Карибаева қатысып, студенттер үшін қызғылықты сұрақтарға жауап берді. Көрісу күнінің тарихы жайлы сыр шертіп, қазіргі қоғамымыз үшін маңыздылығына тоқталып өтті. Студенттер тарапынан мерекелік әндер айтылып, поэзияға кезек берілді.

 

Мерекелік іс-шара соңында «Білім» факультетінің деканы А.С.Құрманбекова қорытынды сөз алып, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ардақты ұстаз Алмасбек Батанұлынан Көрісу күнінің дәстүріне сай бата сұрады.

 

Жалпы атап айтсақ, Халықаралық Тараз инновациялық институтында Көрісу күні бабалар дәстүріне жол салған айрықша мерекеге ұласты.