COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Шежіре күні»

«Шежіре күні»

Қазақ – ата-тек, арабтар шежіре – бұтақ, тармақ деп атайтын бұл ұғым халықтың шығу тегін, ұрпақтың таралуын баяндайтын рухани жүйе. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми шежіре барлық халықта кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған.

Қазақ шежіресінде тайпа, ру, аталардың таралуымен қатар, оларға байланысты тарихи оқиғалар, елдің қоныс аударуы, бір ел мен екінші елдің қарым-қатынасы, ол елдерден шыққан шешендер, батырлар жайлы әңгімелер қоса жазылады.

Қазақ халқы балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ата тегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген, "Жеті атасын білу" заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер азаматты ерлікке, елдікке, Отанды сүюге баулитынын білген.

Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Армысың, әз Наурыз!» атты Наурыз мейрамын өткізу жоспарына сәйкес 16-наурыз күні «Заң» факультетінде «Шежіре күні» аталып өтті.

«Шежіре күніне» орай факультетте «Жеті атаңды білесің бе?» атты онлайн эстафета ұйымдастырылды. Эстафетаға факультет ұжымы мен студенттер қатысты. Эстафетаның мақсаты: отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихын айтып, шежіресін тарату.