COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «АDAL BOL QUEST»

«АDAL BOL QUEST»

«АDAL BOL QUEST»

Студент жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті, парасаттылық пен азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру, Сыбайлас жемқорлық құбылыстарына төзбеушілікті және қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу мақсатында Халықаралық Тараз инновациялық институтында кезекті «АDAL BOL QUEST» квест ойынының 3 туры өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, ойынға «Шығармашылық мамандықтар» факультетінен «Әділет қырандары» командасы, «Педагогика» факультетінен «Моney» командасы, «Экономика және бизнес» факультетінен «Адал ұрпақ» командасы, «Заң» факультетінен «Жемқорлыққа қалқан боламыз» командасы, «Жаратылыстану» факультетінен «Алға» командалары бақ сынауда.

3 кезеңінің қазылар алқасының құрамы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті төрағасының 1-ші орынбасары Төлебаев Р.Қ., Жамбыл облысы, Жас Отан жастар қанатының төрағасы Болатбек У.Б., Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Құлабекова Г.Қ., Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар ресурстық орталығының директоры Таутен А.Қ., Имидждік жұмыстар және қоғаммен байланыс секторының жетекшісі Бекназаров Б.А.

3 - кезең бойынша ұпай сандары:

1) «Әділет қырандары» 71 ұпай

2) «Моney» 57 ұпай

3) «Адал ұрпақ» 74 ұпай

4) «Жемқорлыққа қалқан боламыз» 92 ұпай

5) «Алға» 75 ұпай