Ерболат Саурықов 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды.
Бүгін Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Ерболат Саурықов 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды.
Ата-ананың қарауынсыз, қамқорлығынсыз қалған балаларды мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады.
ХТИИ ректоры Ерболат Саурықов балаларға қай уақытта болмасын қолдау көрсетілуі қажет екенін айтты. – Балаларға бағыт бағдар көрсетіп, бойына мейірімділік пен ізгіліктің дәнін себу арқылы оларды үлкен өмірге жақсы тұлға болып қалыптасуына ықпал ете алуымыз қажет. Осындай тағдырға тап болғанына мойымай, келешекте жақсы азамат атанардай әрекетке баруына себепкер бола білсек, біздің мақсатымыздың орындалғаны, - дей келе Ерболат Байұзақұлы орталықтан түлеп шыққан жеткіншектерге, егер ата-анасы өмірде жоқ тәрбиеленушілер болса, кез келген мамандықта тегін оқытуға сөз берді.
Сонымен қатар жалпы сомасы 800 мың теңге қаржыны құрайтын бассейн сыйға тартып, мұндай қолдау мен демеу алдағы уақытта да жалғаса беретініне сенім білдірді.
Жалпы, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында мекемесі жетекшісінің айтуынша, бүгінде 111 бала тәрбиеленуде.
Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс секторы