COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / 30 маусым күні Студенттер үйінің аллеясында Халықаралық Тараз инновациялық институтының бітіруші түлектерге арналған «Диплом тапсыру-2021» салтанатты кеші өтті.

30 маусым күні Студенттер үйінің аллеясында Халықаралық Тараз инновациялық институтының бітіруші түлектерге арналған «Диплом тапсыру-2021» салтанатты кеші өтті.

Еліміздің кәсіпорындары мен мекемелерінің қатары Халықаралық Тараз инновациялық институтының 31 бакалавриат және 28 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша бітірген білікті, сапалы білімді, жоғары мәдениетті жаңа буын мамандарымен толықты. Осы оқу жылында институтты 3 мыңға жуық мамандар, магистратура бойынша 400-ге жуық магистрант табысты аяқтап отыр.

Диплом тапсыру салтанатына «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамы филиалының директоры Иптилдаев Бекдауыл Тұрдағұлұлы, Жамбыл облысы әкімдігі Жастар саясаты басқармасының басшысы Берікқожа Серікбол Қайратұлы, Жамбыл облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ашкеев Рахымберді Дулатұлы, Жамбыл облысы бойынша «Барбанг» күрділер ассоциациясының бірінші төрағасы, «ДАД» адвокаттық конторасының адвокаты Бабаев Хано Абдулаевич, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Балғабаев Нұрлан Нұрмаханұлы, «Қазақстандық стандарттау және метрология институтының» директоры Мыңбаев Асқар Құрманұлы арнайы келіп, жас мамандарға тілектерін айтып, сәттілік тіледі. 

Жолың болсын жас маман!!! Сәт сапар!!! 

«Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс» секторы