COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы Тәрбиелеу дегеніміз — адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.  Әбу Насыр Әл-Фараби Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе – ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек.  Ыбырай Алтынсарин Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.  Абай Құнанбаев

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / МТИИ ELAB оқыту орталығы ашылды

МТИИ ELAB оқыту орталығы ашылды

Қазіргі уақытта қазақстандық экономиканы цифрландырудың артып келе жатқан өзектілігі әлемдік аренада еліміздің одан әрі экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатқа жетудің негізгі құралы — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Цифрландыру ұлттық экономиканың қозғаушы күші және тұрақты жұмыс орындарын құрушы бола алады. Цифрландыру жұмыс орындарын құрудың жаңа толқынын бастауға мүмкіндік беретін Қазақстан экономикасына жаңа технологиялардың бейімделуі мен оларды әзірлеудің қозғаушы күшіне айналады.

Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында халықтың цифрлық сауттылығын арттырумен, мемлекеттік қызметкерлер мен үлкен-кіші бизнес өкілдері, жас программисттер мен жаңа Start Up - шыларға кәсіптік білім берумен және мектеп, колледж, ЖОО педагогтарының ІТ құзыреттілігін арттырумен айналысып келген «Elab.Asia» цифрлық академиясы және Халықаралық Тараз инновациялық институтының әкімшілігі бірлесіп, «МТИИ – ELAB» Цифрлық сауаттандыру орталығын ашты. 

Орталықтың ашылу салтанатында Халықаралық Тараз инновациялық институтының 1-ші проректоры АБДУАЛЫ АСҚАР БЕГӘДІЛҰЛЫ, Жамбыл облысының Жобалық басқару және цифровизация орталығының жетекшісі ТАШЕНОВА ГҮЛПАРА АЛАШБАЙҚЫЗЫ, Білім басқармасының әдіскері РЫСҚҰЛБЕКОВА АНАР СЕРІКҚЫЗЫ, «8Т корпорациясының» басқарма директоры ЖИЕНБАЕВ ЕРҰЛАН ӘСЕНТАЙҰЛЫ, «МТИИ – ELAB» цифрлық сауаттандыру орталығының негізгі әріптесі «Elab.Asia» цифрлық академиясының басқарушы директоры, заң ғылымдарының кандидаты МАМЕДОВА ХАЛИДА ИМАНЖАНҚЫЗЫ құттықтау сөздерін айтып салтанатты түрде орталықтың лентасын қиды.