COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ

ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ

2021 жылдың 3 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №271 қаулысымен бекітілген, Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40-тармағына сәйкес «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын ұйымдастыру және өткізу аясында мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты - этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болған.

Іс-шараға Халықаралық Тараз инновациялық институтының ПОҚ мен студенттері белсенді түрде қатысты.

Диктантты барлығы 428 ПОҚ, әкімшілік қызметкерлері мен студенттер жазды.

Оның ішінде: «Педагогика», «Шығармашылық пәндер» факультеттерінен барлығы - 198, оның ішінде қазақ – 163, этнос өкілдері – 35; «Жаратылыстану» факультетінен – 85, қазақ – 81, этнос өкілдері – 4; «Экономика», «Құқықтану» факультеттері, Әкімшіліктен – 105, қазақ – 99, этнос – 6; «Студенттер үйі» - 40.

Қазіргі уақытта қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты диктант онлайн және офлайн форматтарда оқылды. Жиналған жұмыстарды институттың қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша комиссия құрамындағы филолог-мамандары тексеріп, қорытындысы ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» КММ-не жолданды.

Іс-шараның мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру, қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын, жалпы сауаттылықты арттыру сияқты мақсаттары толық орындалды деуге болады.